Антикор: Антикор: "Теплокоммунэнерго" МКК семейлік кәсіпкерлерді жылу жүйесіне қосудан заңсыз бас тартқан

Сурет: pixabay
Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері "жылу берушілер" кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпарат бойынша,  бизнесмендердің өтінішін зерделеу барысында "Теплокоммунэнерго" МКК екі жыл бойы құрылыс объектілерін қаланы жылумен жабдықтау желісіне қосуға техникалық шарттар беруден заңсыз бас тартқаны анықталды.

"Бас тартуға қалалық жылу желісінің өткізу қабілетінің болмауы деген себеп болған. Бұл ретте, материалдарды зерделеу барысында "Теплокоммунэнерго" кейінірек жүгінген басқа кәсіпкерлерге жылуға қосылуға рұқсат бергені анықталды".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті кәсіпорын басшылығымен және өтініш білдірген кәсіпкерлермен көшпелі кездесу өткізді.

"Екі күннен кейін "Теплокоммунэнерго" дәріханаға және азық-түлік дүкеніне жылумен жабдықтауға қосылуға техникалық шарттар берді".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды