Ақмола облысы полицейлері ер адамды мұндай хабарлама жіберуге нақты не итермелегені тексеріліп жатқанын атап өтті.
Күдіктінің өзі осы банктің клиенті болған.
Полицейлер халыққа телефон лаңкестігі үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын тағы да ескертіп өтті.
ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабының санкциясы бойынша, жалған хабарлама авторы бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл бап бойынша жауапқа 14 жасқа толған барлық адам тартылады.