Билік бұл бала туған күнін тойлап жатқан отбасыға оқ атқан екі адамның бірі екенін айтты. UPI басылымының жазуынша, сегіз адам қаза тауып, тағы жетеуі жараланған, арасында үш жасар бала да бар.
Атыс Мехиконың солтүстік-шығысындағы Чималуакан қаласындағы Фандидорес ауданында болған.
Полийейлердің сөзінше, "Эль Чапито" рейд кезінде қамауға алынған тоғыз адамның ішінде болған.
Ұсталған бір адамға атыс шығарды деп айып тағылса, қалғандары есірткі қылмысы бойынша айыпталып отыр.
Тұтқындалған ересектер Неза Бордо түрмесіне жеткізілді, ал "Эль Чапито" жеткіншектерге арналған қылмыстық сот төрелігі жүйесіндегі мамандандырылған бақылау судьясына табысталды.
"Эль Чапо" лақап атымен танымал Хоакин Гусман қазір Колорадо түрмесінде ждатыр. Оған Синалоа есірткі картелінің жетекшісі ретінде бірнеше айып тағылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Мексикада жасөспірімдер жиі ауыр қылмыстар жасайды. 2010 жылдың басында "Эль Пончис" лақап атымен танылған 14 жасар бала тұтқындалды. Оған мексикалық наркокартельдің жалдамалы кісі өлтірушісі болған деген айып тағылды.