Ақмола облысында жапан даладан жарылғыш заттар табылды

Сурет: Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ақмола облысы Жарқайың ауданына қарасты Тасты-Талды ауылының тұрғыны гранаталар мен миналар тауып алды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне 2023 жылдың 6 сәуірінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарылғыш заттар 4 сәуір күні шөл даладан табылды. Оның айтуынша, арнайы құрылғының көмегімен 50 см-дей тереңдіктен қара металл жинау кезінде ол болжамды жарылғыш заттарға тап болған. Мұны ол бірден полицияға хабарлаған.
"Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы мен саперлар аттанды. Табылған жарылғыш заттар, атап айтқанда, танкке қарсы үш мина, алты жаяу әскерге қарсы мина және бес Ф-1 және РГД-5 гранатасы тексерілді. Олар бойынша оқу-жаттығуға арналған және еш қаупі жоқ деген қорытынды жасалды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Сурет: Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полиция мен саперлер бригадасы жақын маңдағы аумақты тексеріп шыққан.

"Жарылғыш затқа ұқсайтын заттар табылмады". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Ведомство өкілдері бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

"Сараптамаар тағайындалды. Құқық қорғау органдары бұл заттар жапан далада қайдан жатқанын анықтауда". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды