"Дикий Арманның" қамау мерзімі екі айға ұзарды.
"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 сәуірдегі қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін Жұмагелдиевке қарсы екі ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 7 маусымына дейін ұзартуға санкция берілді".Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі
2022 жылдың 7 қаңтарында ҚР Ішкі істер министрлігі Алматыда криминал авторитет - "Дикий Арманның" ұсталғаны туралы хабарлады. Арман Жұмагелдиевпен бірге оның тобына қатысы бар деген бес адам ұсталды. Бас прокуратураның мәліметінше, Арман қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде адамдарды алып қашқан.
2023 жылдың 5 қаңтарында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәжілістегі жиында сөйлеген сөзінде Арман Жұмагелдиев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚК кураторының басшылығымен әрекет еткенін мәлімдеді.
6 наурызда Алматы қалалық соты "Дикий Арманды" қамау мерзімі бір айға, яғни 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартылғанын хабарлады.