Түркістан облысында қызанақтан вирус табылды

Сурет: pixabay
Түркістан облысында шеттен жеткізілген 43 тонна қызанақтан біздің елде жоқ вирус анықталды.

Өнім Сарыағаш ауданында орналаскан шекара бекетінде тексерілген. Фитосанитариялық бақылау инспекторлар томат өнімдерінен «қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» мен «қызанақтың қола түстес тоспо вирустарын» тапқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Қызанақ Түркіменстан, Өзбекстан мен Иран елдерінен жеткізілген

"Өсімдіктер карантині заң талаптарына сәйкес, жүктің иелеріне әкімшілік іс шаралар қаралып, жүктер келген елдеріне кері қайтарылды. Жалпы бұл аурулар Республика аумағына енетін болса, қызанақ, тәті бұрыш, баялды өнімдерімен айланысатын кәсіпкер фермерлердің жылыжайларына және ашық алқапта өсірілген өнімдерге 50-70 пайызға дейін елеулі зиян келтіреді." Ибрагим Бегасилов, облыстық аумақтық инспекциясының басшысы

Инспекторлардың сөзінше, томат өнімдерінің мұндай қауіпті вирусы соңғы үш жылда Еуропа, Азия мен Америкада тараған.

Сонымен қатар Иран, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінде де анықталып отыр. Осындай карантиндік аурулардың енгізілуі мен өнімді зиянкестерден қорғау мақсатында тексерістер жіті жүргізіліп келеді.

Жыл басынан бері 20-ға жуық заң бұзушылықтар анықталған. Өсімдік карантині нспекциясы тарапынан 2 млн теңгеден астам айыппұл салынып, өнімдер келген жағына кері қайтарылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі