Атырауда бес күн бұрын жоғалып кеткен қыз көпірден секіріп кеткен

Сурет: pixabay
Атырауда 16 жасар Әсемай Қазбекова 6 сәуір күні үйінен белгісіз бағытта кетіп қалған. Бес күннен кейін оның көпірден секіріп қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабарды қызды іздеуге қатысқан ерікті Сандуғаш Кукенова жеткізді.

"Соңғы бейнежазбда Әсемай тек көпірге көтеріліп бара жатырғаны көрінді. Сол жағадағы бір үйдің камерасынан қарауға үміт болды. Алайда үй иесі 1, 2, 3 күндері үйінде болмаған еді. Бүгін іздеудің 4-күні сол үйдің иесі үйіне келген болатын. Әсемайдың әкесі сол үйдің камерасын қарауға кіріп шыққан. Камерадан қарағанда Әсемай қызымыз, өкінішке қарай, көпірден секіріп кеткен. Өте өкінішті", деп жазды Сандуғаш Кукенова Facebook-тегі парақшасында.

Бұған дейін AtyrauPress басылымына облыстық мәслихат депутаты Надежда Шильман қыз көпірде соңғы рет фотосуретке түсіп, оған "Қош бол" деп жазғанын айтқан.

10 сәуір күні Алматыда жолды кесіп өтпек болған жасөспірім мерт болды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді