Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолындағы "митинг" жөнінде жалған ақпарат таратқан екі адам ұсталды

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Полицейлер Түркістан облысында заңсыз автожарыс ұйымдастырылған жерден "Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолында митинг өтіп жатыр" деп жалған ақпарат таратқан Сайрам ауданының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабымен ("Көрінеу жалған ақпарат тарату")  сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

13 сәуір күні Түркістан облысының полицейлері жанармай құю станциясында митинг өткені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Желіде 12-13 сәуірге қараған түні Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының бойында орналасқан "ҚазМұнайГаз" жанармай құю станциясының жанында азаматтар жанармай бағасының өсуіне байланысты митингке жиналғаны жөнінде бейнежазба тараған еді.

Сайрам ауданының тәртіп сақшылары 13 сәуір сағат 04:30 шамасында оқиға орнына барған кезде мәліметтің жалған екені анықталды.

Қазақстан ІІМ жалған ақпарат таратқаны үшін қатаң жауапкершілікке тарту көзделгенін еске салды.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін