Риддер жылу-электр орталығында тағы апат болды

Сурет: Instagram/danial.akhmetov.official
Риддер тұрғындары бүгін, 2023 жылдың 18 сәуірінде таңертең пәтеріндегі радиатордың суып қалғанын байқаған. Бұл жағдайға Риддер жылу-электр орталығындағы штаттан тыс жағдай себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Noks.kz басылымының жазуынша, "Риддер ЖЭО" АҚ-дан келетін тікелей желілік судың температурасы бүгін небәрі 31 градус болған.

Кейін анықталғандай, жылу орталығында тағы да штаттан тыс жағдай орын алған.

"Бүгін түнде жоғары қысымды қазандық апатты түрде ажыратылып, резервтегі қазандық шұғыл іске қосылды. Жылу желісіндегі температура біртіндеп көтеріледі". Риддер әкімінің орынбасары Мұрат Байжүменов

2023 жылғы 12 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддер ЖЭО-ның жаңа иелері "жөндеу, жаңғырту және 3,3 млрд мөлшерінде берешекті өтеу үшін ешбір әрекет істемей отырғанын" мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Талдықорған маңындағы жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алды

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады