Армандар орындалатынына сендіретін Елена Блиновскаяның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сурет: Instagram/elena_blinovskaya
Мәскеуде "марафондар ханшайымы" Елена Блиновская ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

112 Telegram арнасының жазуынша, оның үстінен екі қылмыстық іс қозғалған: аса ірі көлемдегі ақшалай қаражатты жария ету және салық төлеуден жалтару.

Тергеу мәліметтері бойынша, Блиновская "бизнесті "бөлшектеу" схемасын қолданып, табысын азайтып көрсетіп, 2019-2021 жылдар аралығында жалпы сомасы 918 миллион рубльден (5,1 млрд теңге) астам қосымша құн салығын және жеке табыс салығын төлемеген.

Бұған дейін Ресейде блогерлер Валерия Чекалина (Лерчек) мен Александра Митрошинаға қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. Оларға салықты алаяқтық жасады деген айып тағылды.
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін