"Тың серпін береді" – Тоқаев Бельгия королі мен патшайымының сапары туралы

Тоқаев әуежай залында құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2026 22:20 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Король мен Патшайымның елімізге сапары Қазақстан-Бельгия қарым-қатынасын одан әрі нығайту тұрғысынан тарихи мәнге ие екеніне назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстанға қош келдіңіздер. Сапарларыңыз мемлекетіміздің дамуындағы өте маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Жалпы, еліміз өркендеп, экономикасы ілгерілеп келеді. Сіздердің сапарларыңыз екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін береді деп айтуға болады", – деді Президент.
Тоқаев әуежай залында құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2026 22:20

Сурет: akorda.kz

Король Филипп қонақжайлық көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ертеңгі жоғары деңгейде өтетін келіссөздер табысты болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ екі елдің сан қырлы серіктестігін тереңдетудің маңызын атап өтті.

"Ұшақ трапынан қазақ жеріне қадам басқан сәттен бастап көрсетілген сый-құрмет үшін Сізге алғыс айтамын. Үш күндік сапармен келгенімізге қуаныштымыз әрі еліңізбен жақынырақ танысамыз деп сенемін", – деді Король Филипп.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: