Венесуэлада коммуналдық қызмет 333% қымбаттады

Сурет: pixabay
Венесуэлада кейінгі төрт айда электр қуаты, газ, су, қоқыс шығару, байланыс тәрізді коммуналдық қызмет түрлерінің құны 333% өскен.

Ал интернет 235% қымбаттады. Мұны Венесуэла Қаржы бақылау ұйымы хабарлады.

Ал орташа еңбекақы жекеменшік компанияларда 142, мемлекеттік секторда 35 доллардан асар емес.

Венесуэла кейінгі жылдары ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Соның салдарынан өндіріс қысқарып, инфляция шарықтап, негізгі тауарлар тапшы болып отыр.

Бұған қоса үкіметтің қате саясаты және АҚШ-тың санкциялары мұнай өндірісін күрт төмендетіп, энергетика секторына салынатын инвестиция көлемін айтарлықтай азайтқан.  

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

ШҚО-да түрме маңынан күдікті ер адам ұсталды