Ақтаулық полицейлер көп қабатты үйдің шатырынан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды

Сурет: Zakon.kz
22 мамыр күні Ақтауда полицейлер биік үйдің төбесінен секірмек болған 17 жасар қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

27-шағын аудандағы оқиға орнына полиция инспекторлары Исламбек Шаржан мен Әзімбек Саттар, патрульдік полицейлер Ғалым Қожамуратов пен Руслан Жұмабаев  жедел шақырту бойынша жеткен.

Дереу шатырға шыққан полицейлер қыздың секіруіне жол бермей, құтқарып қалды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырған.


Жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторға тапсырылды.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды