Алматыдағы ірі университетке шұғыл қызметтер шақырылды: не болды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 14:06 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 28 қазанда Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен қызметкерлері эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Редакцияға Масанчи көшесі, 39 мекенжайындағы университет ғимараттарының бірінен студенттер эвакуацияланып жатқаны туралы ақпарат түсті. Хабарламада ғимаратқа бомба қойылғаны жөнінде біреу хабарлаған болуы мүмкін деген болжам айтылған.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

"Алматыдағы оқу орындарының бірінде қараусыз қалған сөмке табылды. Алғашқы әрекет ету шаралары аясында оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері дереу жетті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында білім алушылар мен оқытушылар эвакуацияланды. Тексеру барысында сөмкенің студенттердің біріне тиесілі екені және ішінде оқу құралдары болғаны анықталды. Табылған зат ешқандай қауіп төндірмеген", – деп хабарлады полиция.

Алматы полициясы азаматтарға қырағылық танытып, қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдірді.


"Күдікті немесе қараусыз қалған заттарды байқаған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарлау қажет екенін еске саламыз. Мұндай заттарға өз бетіңізше тиіспеңіздер", – деп ескертті ведомство.

Бұған дейін, 20 қазан күні таңертең үш жоғары оқу орнына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламаларға байланысты шұғыл қызметтер жұмылдырылған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: