Дархан Сатыбалды Алматыдағы беделді университеттің бірін аралып көрді

Дархан Сатыбалды Алматыдағы беделді университеттің бірін аралып көрді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2025 18:08 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 2025 жылғы 12 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, Farabi Hub орталығында әкімге инновациялық өнім мен жоғары технологиялық жоба орталығының жұмысы таныстырылды. Мұнда студенттер мен зерттеушілер креативті индустрия мен жасанды интеллект саласында стартаптар әзірлеп жатыр.

"Робототехника орталығында студенттер заманауи технологияны меңгеріп, тәжірибелік шешім жасап, озық жабдықтармен жұмыс істеу дағдысын үйренуде",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ қала басшысы үш жаңа оқу корпусының құрылыс жұмыстарын көрді. Мұнда зертхана, дәрісхана мен пікірталас алаңдары қарастырылған.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкім Қазақстан-Қытай зертханасына да барды. "Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану" зертханасында Орталық Азиядағы экологиялық және климаттық өзгерістер зерттелуде.

Жұмыс сапары суперкомпьютерлер орталығымен аяқталды. Қуаты 2000 терафлопс болатын бұл жүйе – аймақтағы ең қуатты есептеу орталықтарының бірі.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматы әкімінің санитарлық тазалық пен көгалдандыруға бақылауды күшейтуді тапсырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: