Ұзынағаш ауылында ер адам қарияға пышақ сілтеп, оқиға орнынан ізін суытқан

Сурет: Zakon.kz
1 маусымда Алматы облысының Ұзынағаш ауылында ер адам сөзге келіп қалған адамға пышақ салып, оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түстен кейін желіде жарияланған видео қызу талқыға түсті, онда әйел жолын кесіп өткені үшін қарт адамды пышақтап кеткенін айтады. Видеодан пышақталған қарияны да көруге болады, ол жедел жәрдемді күтіп отырған секілді.

Полицияның хабарлауынша, ер адам жолды кесіп өтіп, Lada жүргізушісімен ауызша сөзге келіп қалған, ұрыс барысында кішісі үлкеннің қарны тұсына пышақ сілтеген. 

Полиция аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта күдікті адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпараттар жария етуге жатпайды". Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 106-бабы бойынша қаралады.


Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін