Қордай аудандық сотының 2023 жылғы 25 сәуірдегі үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Шалин, Имашев және Қоспаевтың мемлекеттік шекарадан заңсыз өтуін ұйымдастырғаны үшін Машанло М.А. Қылмыстық кодекстің 394-бабының ("Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру") 2-бөлігімен 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
2023 жылдың ақпанында Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобы мүшелерінің Қазақстаннан қалай кеткенін айтты.
"Нәтижесінде прокуратураның үйлестіруімен 2022 жылғы 6 тамызда Сортөбе ауылы маңындағы өткел арқылы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырған жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды". Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
Қоспаев басқаратын Шалин, Имашевтар ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері болып саналады және оларға Қылмыстық кодекстің 249-бабында (рейдерлік) және 262-бабында (қылмыстық топ құру) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық іздеуге жариялаған.
2023 жылғы 9 қаңтар күні Қаржылық мониторинг агенттігі Қоспаевтың жақтастарын табуға көмектескендерге сыйақы берілетінін хабарлады.