Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2026 12:15 Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 24 тамзында Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі айтты.

Әңгімелесу барысында Шавкат Мирзиёев Қазақстан Президентін елімізде Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының сәтті өтуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысына қолдау көрсеткені және халықаралық ұйымдар құрамында елімізге байқаушылар миссиясын жібергені үшін алғыс айтты.

Президент Өзбекстан көшбасшысына Қазақстанда жүргізіліп жатқан ішкі саяси өзгерістер туралы баяндады. Мемлекет басшысы Құрылтай озық, заманауи әрі әділетті Қазақстан құруға бағытталған саяси реформалардың маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Тараптар достық пен стратегиялық серіктестік рухында дәйекті түрде нығайып келе жатқан қазақ-өзбек қарым-қатынастарының даму қарқынына оң баға берді.

Сондай-ақ сауда-экономикалық ықпалдастықты кеңейтуге, көлік-логистика және өндірістік кооперация салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек, екі елдің іскер топтары арасындағы байланысты жандандыру мәселесі талқыланды.

Әңгімелесу соңында мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: