Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті., сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 15:42 Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 21 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, Қазақстан президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының сәтті өтуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ресей парламентінің жаңа құрамына ел мен халықтың игілігі жолындағы жұмысына табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: