Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Телефон арқылы сөйлесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 17:33 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы 30 маусымда Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентінің биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өтті.

"Екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр. Әңгімелесу барысында шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті", делінген хабарламада.

Бұған дейін президент бірқатар кадрлық өзгерістер жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: