Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2026 18:01 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, әңгімелесу барысында Ресей Президенті Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтады.

"Президенттер өзара қарым-қатынастың күн тәртібін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті", – делінген хабарламада.

Владимир Путин Астанада өтетін алдағы келіссөздерге берілген мұндай бағамен келісетінін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастық барлық стратегиялық салада қарқын алғанына назар аударды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: