ШҚО-да тау-тас арасындағы өртті сөндіруге жел қиындық туғызуда

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
14 маусымда таңертең Алтай ауданы Северное ауылынан 7 шақырым қашықтықта, кісі аяғы жету қиын таулы жерде қураған шөптер мен бұталар өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 06:25-те 3 гектар аумақты қамтыған өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД, орманшылық және жергілікті атқарушы органдардың 44 адамы, 7 бірлік техникасы жұмылдырылды.

"Сол күні сағат 11 шамасында Северное ауылынан 10 км қашықтықта құрғақ шөптер мен бұталардың тағы өртенді. Өртті сөндіру жұмысына жетуі қиын таулы жерлер мен бағытын үнемі өзгертететін 20 м/с қатты жел қиындық тудырып отыр. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД, орманшылық және жергілікті атқарушы органдардың 102-ден астам адамы және 7 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жеке құрамды оқиға орнына жеткізу үшін ШҚО МИ-8 АП тікұшағы әуеге көтерілді. Алдын ала өрт алаңы – 15 га. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

"Қазгидромет" РМК-ның өңірдегі филиалының ақпараты бойынша 15 маусымда облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.


Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды