ШҚО-да кеше басталған таудағы өрт оқшауланды

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
14 маусымда түске таман Северное ауылынан 10 шақырым жерде басталған өрт толығымен оқшауланды. Северное мен Серебрянск елдімекендеріне қауіп төнген жоқ. Қызыл жалын 25 гектар аумақты жалмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сөндіруге 152 адам жұмылдырылды. Оның ішінде ШҚО ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ мұндай жағдайлар үшін арнайы құрылған табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының авиаотряды да бар.

Өрттің ауданы 23 гектарды құрады. Негізінен, тау-тас арасындағы қураған шөп пен бұталар өртенген.

"Құтқарушылар кезекшілікте қалады, өйткені синоптиктердің болжамы бойынша бүгін секундына 21 метрге дейін екпіні бар қатты жел болуы мүмкін. Қазір онда су төгетін құрылғылары бар екі тікұшақ жұмыс жасап, барлық ықтимал өрт және жану ошақтары төгіліп жатыр. Сөндіруге қатысқандардың барлығы қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Күн сайын әуе патрульдері бақылау жүргізуде. Аймақта ыстық, құрғақ ауа райы орнап, өрт қаупінің жоғары 5 класы жарияланды. Барлық жағдай басты назарда". ШҚО әкімі Даниал Ахметов

Айта кетсек, ШҚО-да тау-тас арасындағы өрт кеше сағат 11-лер шамасында басталған болатын. Өртті сөндіруге жел қиындық туғызып жатқаны хабарланған.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды