Елорданың сол жағалауындағы түтін астаналықтарды шошытты

Сурет: pixabay
19 маусым күні Астана тұрғындары әлеуметтік желіде түтіннің фотосын тарата бастады. Zakon.kz-ке елордалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен хабарлағандай, сол жағалауда қураған ағаштар жанып жатыр.

Түтіннің фотосы Instagram және Telegram-дағы пабликтерде жарияланды.


Астана Төтенше жағдайлар департаменті 19 маусымда қураған ағаштың тұтанғаны туралы хабарлама түскенін хабарлады. Таңғы сағат 9:12-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері аталған орынға аттанды.

"Өрт сөндірушілер жеткен соң Қорғалжың тас жолы мен Қосшыға қарай өтетін айналма жол арасында қураған ағаш жанып жатқаны анықталды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 22 адамы мен бес техникасы, қала әкімдігінің суару машинасы жұмылдырылған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 19 маусым күні таңғы сағат 6:40-та «Қорғалжың қорығы» мемлекеттік табиғи паркі аумағындағы Сарыкөл көлі аймағындағы қамыс өртенді. Өрттің жалпы аумағы 150 гектар болды. Өрт 14 маусымда шыққан.


Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды