Астана маңындағы өрт басына Төтенше жағдай министрінің өзі келді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
19 маусым сағат 18.30-дағы жағдай бойынша Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері 15 гектар аумаққа таралған елорда маңындағы өртті сөндіру жұмыстарын жалғастыруда. Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың өзі келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 158 адамы мен 33 техникасы, сондай-ақ қала әкімдігі мен Астана Орманы техникалары жұмылдырылды. Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің 2 МИ-17 тікұшағы тартылды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт сөндіру штабы құрылғаны да нақтыланады.

Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп төніп тұрған жоқ.

Төтеншеліктер қала тұрғындарынан қырағылық танытып, келесі сақтық шараларын сақтауды сұрайды:

Айта кетсек, Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 19 маусымда қураған ағаштың тұтанғаны туралы хабарлама түскенін хабарлады. Таңғы сағат 9:12-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері оқиға орнына дабыл белгісімен аттанды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі