Сәтбаевта заңсыз айналымнан 89 миллион теңгенің темекісі алынды

Сурет: видеодан скриншот
Сәтпаев қаласының тұрғыны заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінді. ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, ол айтарлықтай мөлшерде акцизделетін темекі өнімдерін есепке алу маркасынсыз сақтаған және өткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл деректі ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен анықтады.

"Оқиға орнын тексеру, сондай-ақ тінту нәтижелері бойынша жалпы сомасы 89 млн теңгеден астам түрлі маркадағы 140 мыңнан астам қорап темекі өнімдері табылып, көлеңкелі айналымнан алынды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚПК 201 бапқа сәйкес басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Бұған дейін ҚР ҚМА "Балқаш Жылу" ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жалпы сомасы 677 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, "Балқаш Жылу" ЖШС-нің бұрынғы басшылығы 2020 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта Балқаш ЖЭО және Балқаш қаласының жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және ұстауға арналған 677 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жеке шоттары мен жалған кәсіпорындардың шоттарына жіберу арқылы жымқырған. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды