Павлодарда есірткі жасырушы әйел ұсталды

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 28 маусым күні павлодарлық полицейлер есірткі жасырушы әйелді ұстады, одан жалпы салмағы 54,35 грамм болатын 36 орам тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, белгісіз әйел қала көшелерінде бір-біріне жақын орналасқан жер учаскелерін фотосуретке түсіріп жүрген.

"Фотосуреттерді не үшін түсіріп жатқаны туралы сұраққа ол өзіне ұнаған соң суретке түсіріп жүргенін айтты, бірақ бейнежазбаларды көргенде күдікті есірткі жасырғанын мойындауға мәжбүр болды", – дейді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Ведомство өкілдерінің анықтауынша, әйел мессенджерлердің бірінде есірткі заттарын таратумен айналысатын интернет-дүкенге "жұмысқа орналасу" туралы хабарландыруды көргенін айтты.

"Нұсқаулық өткеннен кейін күдікті курьер болып, есірткі жасырумен айналысқан. Олардың координаттарын фото арқылы дүкен операторларына жіберіп отырған", – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жеке тінту барысында әйелден жалпы салмағы 54,35 грамм болатын 36 орам табылып, тәркіленді, олардың құрамында "альфа-PvP" психотроптық заты бар.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбе облысында полицейлер Меккеге қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды мұсылмандары рейтингісіне енді