Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды мұсылмандары рейтингісіне енді

Қасым-Жомарт Тоқаев, Димаш Құдайберген, рейтинг, The Muslim 500, мұсылман , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2026 16:43 Сурет: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен әлемге танылған әнші Димаш Құдайберген мұсылман әлемінің 500 ықпалды өкілін танытатын 2027 жылғы "The Muslim 500" рейтингісіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының аты-жөні "Саясат" категориясында, ал Димаш "Өнер және мәдениет" бөлімінде аталады.

Тізімді Иордания астанасы Амман қаласында орналасқан Ислами стратегиялық зерттеулер корольдік орталығы (The Royal Islamic Strategic Studies Centre) жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сипаттамасында рейтингті құрушылар Қазақстандағы саяси реформаларға тоқталады. Атап айтқанда, олар конституциялық референдумді, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөліп қарастыруды және мерзімінен бұрын өткізілген президенттік сайлауды атап көрсетеді.

Димаш Құдайбергенді рейтингіде өнер адамдары арасындағы алты октавадан тұратын бірегей дауыс диапазонына ие әлемге әйгілі орындаушы деп атайды. Оның музыкалық жетістіктерін, халықаралық гастрольдерін, YouTube желісіндегі танымалдылығын және гуманитарлық қызметін, соның ішінде Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі елшісі ретіндегі жұмысын ерекше атап көрсетілген.

Бұл ретте жерлестерімізге нақты орын белгіленіп, берілмеген. "The Muslim 500" рейтингінде тек алғашқы елуге ғана нөмір беріледі, ал қалғандары санаттар бойынша жаппай ұсынылған.

The Muslim 500 тарихында алғаш рет 2027 жылғы шығарылымда бірінші орынды бес адам өзара бөлісті: Сауд Арабиясының королі Салман бин Абдул-Азиз Әл Сауд, тақ мұрагері және елдің премьер-министрі Мұхаммед бин Салман Әл Сауд, Пәкістан премьер-министрі Миан Мұхаммед Шахбаз Шариф, Пәкістан қорғаныс күштерінің басшысы және армияның штаб бастығы, фельдмаршал Асим Мунир, сондай-ақ Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: