"Богатырь Көмір" ЖШС: Екібастұзда жұмысшының өліміне байланысты қозғалған іс тоқтатылды

Сурет: Facebook/Богатырь Комир
33 жастағы "Богатырь Көмір" ЖШС машинисі автогрейдердің дөңгелегіне жел беру кезінде қаза тапты. Павлодар облыстық еңбек басқармасының мамандары сараптама қорытындылары қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық басқарманың басшысы Асқар Қапановтың айтуынша, сарапшылар алдымен "баллонның не себепті жарылғанын анықтауы керек"

"Сараптамасыз тергеу шараларын жүргізу мүмкін емес", - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz Қапановтың сөзін келтіріп.

Оның айтуынша, өңір кәсіпорындарында жазатайым оқиғалар тау-кен металлургия саласында жиі кездеседі. Мәселен, 2023 жылы 16 жазатайым оқиға орын алған. Энергетика саласында үш, мұнай-химия және құрылыс салаларында екі адам зардап шекті.

Сондай-ақ, биыл ГРЭС-1-де "Барыс строй" ЖШС-да бригадирді кран қысып қалған. Кінә кәсіпорынға жүктелді. Ал 2022 жылдың тамызында Екібастұздағы "Восточный" кенішінде жұмысшы қаза тапты.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

ДСМ жүргізушілерді медициналық куәландырудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізетін болды

Ол тастап кетті: Мөлдір Әуелбекова күйеуінен ажырасқанын мойындады

Қазақстандық ұстаз әлемнің үздік тревел-блогері атағына ие болды