620 млн теңгеден астам шығын келтірген "Almaty Kuat" ЖШС директоры бас бостандығынан айырылды

Сурет: Zakon.kz
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті "Almaty Kuat" ЖШС директорына қатысты алаяқтық және аса ірі көлемде қаржыны заңдастыру (жылыстату) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҚМА жариялаған ақпарат бойынша, ЖШС директоры Алматы қаласының индустриалды аймағына қатысушы 10-нан астам шаруашылық жүргізуші субъектілерімен электр энергиясын жеткізу шартын жасасып, электр энергиясын тұтынушыларды, сондай-ақ өндіруші және жеткізуші ұйымдарды алаяқтық жолмен электр энергиясын тұтынғаны үшін төлем шоттарын жазып, екі жыл бойы кәсіпкерлер электр энергиясы үшін негізсіз ақы төлеп келгені анықталды.

"Осылайша ол жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам шығын келтірген. Одан әрі жедел-іздестіру шаралары барысында жоғарыда аталған ЖШС директорының мәмілелер арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражаттарды заңды айналымға түсіргені анықталды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Агенттік сот қаулысымен жалпы сомасы 134 млн теңгеден астам жер телімі мен құрал-жабдықтар қамауға алынғанын мәлімдеді.

"Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды", – делінген хабарламада.

Антикор 5 шілде күні аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздеу жариялаған "ӨКМ операторы" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарова Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталғанын хабарлады

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек