Төтенше жағдайлар министрлігінің екі департаментінің басшысы мен комитет төрағасы қамауға алынды

Сурет: gov.kz, коллаж: Zakon.kz
Өткен аптаның ортасында Төтенше жағдайлар министрлігінің комитет басшысы мен басқарма басшылары 4 миллион теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінгені белгілі болды. 24 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оларға қатысты соттың қандай бұлтартпау шарасы қолданылғанын айтты


"21 шілдесінде Астана қаласының ауданаралық тергеу сотымен ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады