Түркиядағы жол-көлік апаты: ҚР СІМ зардап шеккен қазақстандықтардың қазіргі жағдайынан хабардар етті

Сурет: видеодан скриншот
2023 жылғы 30 шілде күні таңертең Аланияда 12 қазақстандық мінген шағын автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Бұл жол-көлік оқиғасы жөнінде Zakon.kz тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Таратылған хабарламаға сүйенсек, түрік полициясынан алынған алдын ала мәлімет бойынша, қатты жылдамдықпен келе жатқан автобус жүк көлігіне соғылған.

Апат салдарынан зардап шеккендер бар, олар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Барлық мән-жайлар мен азаматтарымыздың денсаулық жағдайын анықтау үшін Қазақстанның консулы дереу Аланияға аттанды, онда емдеу мекемелерін аралап, зардап шеккен жерлестерімізбен кездесті.

"Қазақстанның 12 азаматының екеуінің жағдайы орташа ауыр. Оларға ота жасалып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қалған 10 отандасымыздың, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, барлығында медициналық сақтандыру бар". Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ Анталиядағы қазақстандық дипломаттар азаматтарымызбен тұрақты байланыста болып, тиісті жұмыс атқарып жатыр.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін