Полиция Қызылорда облысында жоғалып кеткен қыздың денесін тапты

Сурет: polisia.kz
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз каналға суға батып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 тамыз күні Қармақшы аудандық полиция бөліміне Тұрмағанбет ауылының тұрғынынан 7 жастағы қызының жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Әкесінің айтуы бойынша, оның қызы 6 тамыз күні кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. 

Ата-анасы мен туыстары қызды өздері табуға тырысқан. Алайда іздеу нәтиже бермеген соң полицияға жүгінген. Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздеуге кірісті. Жоғалған қызды іздеуге Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, ТЖД, аудан әкімдігінің қызметкерлері, еріктілер, жалпы 60-тан астам адам жұмылды. 


"Сонымен қатар қызды табу мақсатында екі дрон пайдаланылды. Бүгін сағат 13:00 шамасында қыздың мәйіті "Үбіс" каналынан табылды. Мәйіттің денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз каналға суға батып кеткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Polisia.kz.
Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді