Ұлытау облысында мемлекеттік мекеме басшысы 13 мың метр су құбырын ұрлаған

Сурет: Алматы әкімдігі
Қаржы мониторингі агенттігінің Ұлытау облысындағы департаменті Жезқазғандағы құбырдың 13 мың метрден астамын ұрлады деген күдіктіні сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адамдармен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталды. Ұрлық фактісін анықтау кезінде лауазымды тұлға аталған нысанның мемлекеттік органның балансында жоқ екені туралы жалған анықтама беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған.


"Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған. Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Айта кетейік, қазір аталған азамат коммуналдық кәсіпорынның қызметкері емес". Қаржы мониторингі агенттігі

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Qazaqstan Barysy-2026 супертурнирінің ширек финалына шыққан балуандар анықталды

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Грек-рим күресінен Германиядағы Гран-при турнирі: Қазақстан алты алтын медаль ұтып алды