Қазақстан мыс, титан, алюминий және басқа маңызды ресурстармен ұзақ уақыт қамтамасыз ете алады - Тоқаев

Қазақстан мыс, титан, алюминий және басқа маңызды ресурстармен ұзақ уақыт қамтамасыз ете алады - Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2026 22:16 Сурет: akorda.kz
Президент елімізде Баварияның жетекші компаниялары, соның ішінде Siemens, Siemens Energy, Knauf, Horsch және басқа да кәсіпорындары табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Ол бұл туралы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылуында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының пікірінше, қазақ-герман экономикалық қарым-қатынасының келесі кезеңі озық технологиялармен, жоғары технологиялық өндіріспен және жаңа нарықтарды бірлесе игерумен байланысты болуға тиіс.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев бавариялық компания жетекшілеріне елімізде инвесторларға жасалып жатқан қолайлы жағдай, атап айтқанда, Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб пен Астана халықаралық қаржы орталығы туралы кеңінен мағлұмат берді.

Содан кейін Президент өзара тиімді серіктестіктің негізгі бағыттарына тоқталды.

"Озық өндірісті дамыту негізгі басымдықтардың бірі болғаны абзал. Қазақстан машина жасау, металлургия, электр техникасы және қосалқы бөлшектер өндірісін дамытуды қолға алды. Әйтсе де еңбек өнімділігін одан әрі арттыру үшін өндірісті автоматтандырып, роботты техника мен озық технологияларды кеңінен пайдалану қажет. Siemens және KUKA секілді компаниялар аталған салаларда көшбасшы саналады. Қазақстанның ірі кәсіпорындары, соның ішінде Qarmet те бар, өнеркәсіп саласындағы тұрақты сұраныс пен сенімді серіктестік байланыстарды қамтамасыз ете алады. Өршіл мақсаттарымызды "Қазақстанда Бавария технологиясы арқылы неміс сапасына сай жасалған" деген қарапайым сөзбен бейнелеуге болады", – деді Мемлекет басшысы.

Президент аса маңызды материалдарды серіктестіктің тағы бір бағыты ретінде атады.

"Неміс өнеркәсібі маңызды ресурстардың жеткізілу жолдары сенімді және әр тараптан болуына мүдделі. Қазақстан бұл орайда мыс, титан, алюминий, берилий, тантал, ниобий секілді элементтермен ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ете алады", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: