Қазақстанда табысты бизнеспен айналысуға қолайлы жағдай жасалған - Қасым-Жомарт Тоқаев

Аудит, расчет, аудитор, графики, график, экономика, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, инвестиции, инвестирование, рост экономики, экономический рост, график роста, графики роста, финансы, финансовый рост, рейтинг, рейтинги, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2025 15:23 Фото: pexels
Елімізде табысты бизнеспен айналысуға қолайлы жағдай жасалған. Бұл туралы президент бизнес өкілдерімен өткен жиында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, елімізде табысты бизнеспен айналысуға қолайлы жағдай бар екенін барлық шетелдік бақылаушы мен маман мойындап отыр.

"Креативті индустрия секілді жаңа секторларды дамыту арқылы экономиканың көкжиегі кеңейеді. Халықаралық қаржы институттарының есебіне сәйкес, аталған сегмент әлем бойынша жыл сайын 2 триллион доллардан аса табыс әкеле алады, сондай-ақ 50 миллионнан астам жұмыс орнын ашуға қауқарлы". Мемлекет басшысы

Ол бірқатар дамыған елде, мәселен, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Корея Республикасында креативті индустрия ішкі жалпы өнімнің 2-ден 7 пайызға дейінгі көлемін қалыптастыратындығын атап өтті.

"Сарапшылардың бағалауынша, креативті индустрияға салынған әр доллар қосылған құнның 2,5 долларын құрайды. Қазақстанда креативті индустрияны өркендетуге айтарлықтай әлеует бар. Біздің жастарымыз өте шығармашыл, олардың мінезі де, менталитеті де соған сай келеді. Алайда еліміздің ішкі жалпы өніміндегі бұл сектордың үлесі 1 пайыз ғана",- деді президент.

Бұған дейін Тоқаевтың үкіметке жаңа Салық кодексінің кейбір нормаларын мұқият саралауды тапсырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: