Тоқаев Бавария премьерін Қазақстанға шақырды

Бавария Премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесу өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2026 19:54 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Бавария Премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Баварияға шақырып, қонақжайлықпен қарсы алғаны үшін Премьер-министр Маркус Зёдерге алғыс айтты.

"Баварияның өзіне тән ерекшелігін, экономикалық қуатын, инновациялық әлеуетін жоғары бағалаймын. Кеше Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен өте мазмұнды келіссөздер жүргіздім. Уағдаластықтарымызды нақты нәтижеге айналдыруға ниеттімін әрі аталған мәселеде Баварияны басты серіктес ретінде қарастырамын. Бұл – өнеркәсіп пен ғылымдағы өзінің озық жетістіктерін дәстүрге деген айрықша құрметімен ұштастырған өңір. Осы арқылы Бавария Германия экономикасын алға сүйреп, экономикамызды жаңғырту мен әртараптандыруда Қазақстанның сенімді серіктесі болып отыр", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Баварияның технологиялық табыстары мен Қазақстанның ресурстық және өнеркәсіптік әлеуетін біріктіруге айтарлықтай мүмкіндік бар.

Елдеріміздің экономикалық ықпалдастығын жандандырып, халықтарымызды бір-біріне жақындата түсуде көлік байланыстарын жақсартудың да маңызы зор.

Премьер-министр Маркус Зёдер жаңа өсім бағыттарын іздеуге айрықша мән беретін Бавария Қазақстанмен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Сондай-ақ ол елімізде табысты жұмыс істеп жатқан бавариялық компанияларға көрсеткен қолдауы үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Бавария Премьер-министрімен қонақжай қазақ жерінде жүздесуді асыға күтетінін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: