Алматыда қызға қырындамақ болған курьердің басы дауға қалды

Сурет: видеодан алынды
Алматыда еліміздегі танымал компанияның курьері мотоцикльмен қыздың жанынан өтіп бара жатып, оның бөксесіне қолын тигізеді. Аталған жайттың видеосын "НеМолчи.kz" қоры желіде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео 2023 жылдың 26 тамызында аталған қордың Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"НеМолчи.kz" қорының мәліметінше, ыңғайсыз оқиға 2023 жылдың 24 тамызында Алматыдағы Асанбай Асқаров көшесінде болған.

"Glovo компаниясының курьері  мотоцикльмен қыздың жанынан өтіп бара жатып, оның бөксесіне қолын тигізеді. Бұл - қолсұғушылық, қорлау. Нәзік жандылардың қайсысы осындай төмен әрекетке тап болды? Менің ойымша, әрбір әйелдің басына бар жайт бұл: түрте салу, итере салу, бөксесінен салып қалу, тиіскісі келу. Мүмкін, ойлау қабілеті төмен бұл адам өзін мачо сезінетін шығар. Ал қыз баласы не сезінді? Ашулану, тітіркену, жек көру, өзін лас сезіну. Біздің заңда осылай тиісетіндерге жауапкершілік қарастырылмаған, содан кейін де мұндай лас мінез-құлыққа жүген жоқ", делінген видеоның сипаттамасында.

"НеМолчи.kz" қоры Алматы қалалық полиция департаментінен мотоцикль жүргізушісін тауып, жауапкершілікке тартуды сұрады.


26 тамызда аталған оқиғаға қатысты Glovo компаниясы да үн қатты:

"Аталған оқиғаға назар аударғандарыңыз үшін рахмет. Glovo бүкіл әлемде осындай теріс мінез-құлыққа және оның кез-келген сипатына нөлдік төзімділікті ұстанады. Қолдау қызметі қазірдің өзінде видеодағы курьердің жеке басын анықтауға кірісіп кетті".

Компания "міндетті түрде құқық қорғау органдары көмегіне жүгінуді" сұрады.


"Glovo полицияға кез-келген көмекті көрсетуге дайын. Компания мұндай теріс мінез-құлықты қолдап-қолпаштамайды", - деп жазды Glovo компаниясы видео астындағы түсініктемесінде. 

Zakon.kz редакциясы аталған жайтқа байланысты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне ресми сауалмен жүгінді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Алматы облысында жалған сүт үшін жүздеген миллион теңге субсидия алған кооператив басшысы сотталды

Астана медицина университетіне академик Төрегелді Шармановтың есімі беріледі – Қасым-Жомарт Тоқаев

Елімізде тұрғын үйлердің маңына автокөліктерді қоюға тыйым салынады деген рас па - түсініктеме

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды