Құны 18 миллион теңге деп бағаланған сыйлық жиынтығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің назарына ілікті

Сурет: pixabay
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 18,4 миллион теңгеге жоспарланған сыйлық жиынтығын сатып алу лотына қатысты тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиынтықты Алматы облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сатып алғысы келген.

"Сатып алулардың бірыңғай терезесі" ақпараттық жүйесі көрсеткендей, осыған ұқсас жиынтықтардың орташа құны небәрі 3 500 теңге, яғни баға 525 373%-ға артық көрсетілген", – делінген хабарламада.

Антикор араласқаннан кейін басшылық сатып алу жоспарын нарықтық бағаға сәйкестендірді. Осылайша, 18,4 миллион теңгенің ұтымсыз жұмсалуының жолы кесілді.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жыл басынан бері облыстағы мемлекеттік органдардың сатып алулар порталына мониторинг жүргізу аясында 800 миллион теңгенің мақсатсыз жұмсалуына жол бермеді.

Алматы облысы
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды