Батыс Қазақстан облысындағы атыс: полицейлер күдіктіні ұстады

Сурет: pixabay
Полицейлер Батыс Қазақстан облысындағы Аралтөбе ауылының тұрғындарын атыс қаруымен жарақаттаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдесі бойынша, 5 қыркүйекте мас күйдегі шаруа қожалығының басшысы мен ауыл тұрғындарының бірінің арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқан. Сол сәтте қожалық басшысы өзінің Lexus автокөлігінен әйелінің атына тіркелген аңшы мылтығын алып, бірнеше рет қарсыласына оқ атқан.

Салдарынан ауыл тұрғынының сол жақ жанбасы мен аяғы жарақаттанған. Оқ 59 жастағы әйел мен оның кішкентай немересін де жарақаттаған. Аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін күдікті оқиға орнынан автокөлігімен бой тасалаған.

"Сол күні адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігінің, 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция департаменті өңірдің барлық жеке құрамына бағдар берді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді", – деді БҚО ПД бастығы  Арман Оразалиев.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды