Алматыда дәрігерлер 12 күн комада жатқан жүкті әйелді құтқарып қалды

№2 қалалық перинаталдық орталығына жедел жәрдеммен жүктіліктің 6 айында өте ауыр жағдайдағы науқас түсті. Дәрігерлер барлық қажет тексеруді өткізіп, науқасқа ауыр преэклапсия, ишемиялық типтегі ми қан айналымының жедел бұзылуы, мидың ісінуі, бүйректің жедел зақымдануы диагнозын қойған.

Реанимация бөлімінің меңгерушісі Бағдат Достарбаевтың айтуынша, преэклапсия - жүктілік кезіндегі ең қауіпті асқынудың бірі. Ол сананың жоғалуы мен команың дамуымен, миға қан кетумен, өкпенің ісінуімен, плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуімен және ағзаның басқа да дисфункциясымен бірге жүруі мүмкін.  

Науқастың танысының айтуынша, 6 күн бойы әйелдің қысымы өте жоғары болған, 220-ға жеткен. Содан науқастың басы қатты ауырған. Науқас - Өзбекстан азаматы. Тұрғылықты жері болмағандықтан медицина қызметкерлеріне жүгінбеген. Бас ауруын жеңілдету үшін стероидты емес қабынуға қарсы препарат ішкен.

Бағдат Достарбаев мұндай препараттар бүйрек жеткіліксіздігіне әкеп соқтыратын нефротоксикалық болатынын айтты. Дәрігерлер науқасты бірден реанимация бөліміне жатқызған. Бір күннен кейін науқас комаға түскен.

"12 күн мен түн анестезиолог-реаниматологтар, акушер-гинекологтар науқастың өмірі үшін күресті. Өкпені ұзартылған жасанды желдету, бактерияға қарсы, жараға қарсы терапия, тромбоздық асқынулардың алдын алуын жүргізілді. Тек 8 күннен кейін науқас баяу қалпына келе бастады. 10-күні әйел желдеткіштен шығарылып, өздігінен дем ала бастады. Тағы екі күн бойы ол реанимация бөлімінде бақылауда болды және жағдай тұрақтанғаннан кейін ғана ол емдеуді жалғастыратын палатаға ауыстырылды. Науқастың жағдайы қалыпқа келді, ол үйге шығуға дайындалып жатыр", - деді дәрігер.
Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: