Теміртауда үш ауыр жүк көлігі соқтығысып, жүргізушілердің бірі аяғынан айырылды

Сурет: Zakon.kz
Теміртауда Қарағанды көшесімен келе жатып, өзге екі жүк көлігіне соғылған Shacman маркалы жүк көлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алды. Дәрігерлер ер адамның аяғын кесуге мжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

8 қыркүйекте Теміртаудағы Қарағанды көшесінде үш жүк көлігінің қатысуымен жол апаты орын алды. Апат орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады. Видеодан көрініп тұрғандай, жол жиегінде тоқтап тұрған КамАЗ-дың жанына VOLVO маркалы ауыр жүк көлігі тоқтайды. Осы кезде екі көліктің артынан бар жылдамдығымен келіп Shacman жүк көлігі соғылады.

"8 қыркүйекте сағат 15.10-да Теміртау қаласында Қарағанды көшесінде Алматы – Екатеринбург тас жолы тарапында екі жүк көлігінің: Shacman және Volvo-ның қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелесі бойынша процессуальдық шешім қабылданатын болады". Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

E-Karaganda мәліметінше, өңірлік денсаулық сақтау басқармасы оқиға орнынан ауруханаға жеткізілген Shacman жүк көлігінің жүргізушісінің жағдайына қатысты түсініктеме берген. 

"Зардап шегуші жұмсақ тіндердің қатты мыжылуы белгісімен келіп түсті. Салдарынан ампутация жасау туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы тұрақты. Палатасында". Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін