ДСМ Қарағандыда адамдардың шауырмадан жаппай уланғаны жайлы дақпыртты жоққа шығарды

Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде шауырма жеген адамдардың жаппай уланғаны туралы ақпарат пайда болды. Видеода ер адам 14 адамның уланғанын, төртеуі ауруханада жатқанын, тағы бір қыздың көз жұмғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz

Видео қарағандылық парақшалардың бірінде жарияланды, сол себепті жергілікті тұрғындар жаппай улану фактісі Қарағандыда болған деп ойлап қалды. 

Қарағанды облысы Санэпидбақылау департаменті Қарағанды мен облыс территориясынла мұндай факт тіркелмегенін мәлімдеді.

"Шауырма жеп, улану, қыздың қайтыс болуы және 14 адамның ауруханаға жатқызылуы фактісі Қарағанды қаласы мен облыс территориясында тіркелмегенін хабарлаймыз. Тексерілмеген деректерді жарияламауды сұраймыз және жаппай улану бойынша жағдай жауапты мемлекеттік органдардың бақылауында екенін жеткіземіз", - делінген санэпидемиологтардың хабарламасында.
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі