Жәбірленушінің айтуынша, Ақтөбедіге бау-бақша ұжымының аумағында жүрген біреу жаңа салынып жатқан үйдің ауласында тұрған көлікті "айдап кеткен".
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні анықтады, ол жарнама арқылы манипуляторды шақырып алып, ұрланған көлікті қала сыртындағы металл қабылдау пунктіне жеткізіп, ұрланған мүлікті 225 мың теңгеге тапсырған". Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Ұрлық дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Полицейлердің сөзінше, күдікті кінәсін мойындаған.
Көлік тәркіленіп, қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.