Жетім балалар мен қайтыс болған адамның ақшасын жымқырған екі сот орындаушысы ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының прокуратурасы қызметтен шеттетілген жеке сот орындаушыларының ақша жымқыру фактісін анықтады.

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың мәліметінше, екі жеке сот орындаушысы қызметі тоқтатылғанына қарамастан, алты ай бойы 87 балаға алимент төлеуге арналған ақшалай қаражатты иемденген.

Мысалы, жеке сот орындаушысы 2-топтағы мүгедек әкенің әлеуметтік жәрдемақы есебінен балалар үйіндегі екі баласына аударған алимент төлемдерін жымқырған. Тағы бір жеке сот орындаушысы қайтыс болған алимент төлеушінің банк шотынан ақшаны шешіп алып, оны өзі жаратып жіберген.

"Жалпы олар 5 млн теңге қаражатты жымқырған. Бүгінге прокурорлардың араласуынан кейін 34 балаға залал өтелді. Қалғаны бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Алаяқтық және өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін