Тараз әкімдігінің екі қызметкері мемлекетке 121 миллион теңге шығын келтірді

Сурет: Zakon.kz
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы және бұрыңғы сектор меңгерушісі лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Бұл жөнінде 2023 жылғы 17 қазанда Zakon.kz сайтына Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Прокуратура лауазымды тұлғалар 3,56 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін заңсыз тәркілеп, оны екі коммерциялық жалпы ауданы 3,56 гектар жер теліміне айырбастағанын анықтаған.

"Сот жер қатынастары бөлімінің басшысын ҚР ҚК 361-бабының 3 - бөлігінің 4-тармағы, ал бұрыңғы сектор меңгерушісін ҚР ҚК 361-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы, 24-бабының 5-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оларға мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, екеуін де 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды".Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Сот шешімімен жер учаскелері мемлекеттік қорға қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді