Қазақстанда "Сіздің учаскелік полицей!" республикалық акциясы басталды

Шара барысында учаскелік полиция инспекторлары визит карточкасын таратып, пәтерлерді аралайды. Сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтап, ұсақ бұзақылық жасау және тағы басқа мәселелерді анықтау үшін жұмыс істейді.

Акцияның мақсаты – әр тұрғынға жету және белгілі бір аумақта құқықтық тәртіпті нығайту, полиция жұмысы туралы ақпарат алу, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаске бойынша ақпаратты толық иелену. Шара барысында учаскелік полиция инспекторлары визит карточкаларын тарата отырып, пәтерлерді аралайды. Сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтап, ұсақ бұзақылық жасау, спирт ішімдіктер ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүргендерді анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс істейді.

Аталған республикалық акция қараша айының соңына дейін болады. ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, сонымен қатар учаскелік полицейлер тұрғындар құрған әлеуметтік желілердегі чаттарда белсенді байланыс орнатып, онда ақпарат пен шұғыл хабарламалармен алмасады. ІІО қызметін жетілдірудің басым бағыттарының бірі – азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату және әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру.

Оған қоса жергілікті атқарушы органдар мен басқа да ұйымдар өкілдерінің қатысуымен тұрғындармен кездесулер өткізу, учаскелік полиция пунктерінде азаматтарды қабылдау жоспарланып отыр. Акция барысында "Үздік учаскелік полиция инспекторы" атағына конкурс өтеді. Ол үш кезеңнен тұрады. Басты мақсат – кәсіби және іскерлік қасиеттерге, осы лауазымға белгіленген біліктілік талабына сәйкес келетін ең құзыретті учаскелік полиция инспекторын анықтау.

Бүгінде елімізде 3 мыңға жуық учаскелік полиция пункті бар. 7 мыңнан астам учаскелік полицей қызмет атқарады, оның 3,9 мыңы қалаларда, 3,4 мыңы ауылдарда. Учаскелік учаскелерге барлығы 6 мың әкімшілік учаске бекітілді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: