The International 2023 қазақстандық киберспорт үшін Айбек "TA2000" Тоқаев пен Әлімжан "watson" Исламбековтің арқасында тарихи болды деп айтуға болады. Тоқаевтың Quest eSports командасы Тhe Bali Major-да сенсация жасап қана қоймай, іріктеу матчтарында Team Secret-ті жеңіп, Puppey-ді дебют турнир уақытымен алғашқы TI-ді жіберіп алуға мәжбүр етті.
АҚШ-та командалардың бағдарламасы қарқынды болды: баспасөз шаралары, фотосессиялар, жаттығулар. Тоқаевтың айтуынша:
"Жалпы турнирді ұйымдастырудан алған әсеріміз жақсы. Әрине, одан да жақсырақ ұйымдастыруға болар еді. Бірқатар проблеманың арасында заманға сай емес компьютерлер болды: топтық кезеңнің басында микротолқынды пеште ойнап жатқандай сезімде болдық".
Өкінішке қарай, артқан үміт шындыққа сәйкес келе бермейді. Команда жарыстан бастапқы кезеңде-ақ шығып қалды. Бірақ команда құрамындағы аздаған өзгерістермен қайта жаттығуға дайын отыр:
"Жарысқа дейін үлкен үміт артқан едік, әсіресе командамен "ПСЖ" сияқты ірі клуб келісімшартқа қол қойған еді. Нашар дайындығымызға байланысты алаңдаушылық болды, бірақ осылай тез ұшып кетуіміз жанымызға батты. Бірнеше күннен кейін көңіліміз орнына түсіп, жаңа маусымға дайындала бастадық. Malik-пен офлайн режимде жаттығатынымыз құпия емес шығар деп ойлаймын. Біз бұрынырақ бірге ойнаған едік, сондықтан болашақ турнирлерде үйлесімді ойын өткіземіз деген үмітім бар".
Айбек Сиэтлден басқа, әйгілі "күнәлар қаласына" да сапар шегіпті. Алайда көп ұзамай, туған елін сағынған екен:
"АҚШ-қа мен бірінші рет бардым. Жарыстың бастапқы кезеңінен шығып кетуімізге байланысты, серуендеуге көп уақытымыз болды. Тіпті Лас-Вегасқа да барып келдік. Қала өте әдемі, шөлдің дәл ортасында, Дубай сияқты. Басқасымен таңғалдырмады. Шын мәнінде, мен саяхаттауды онша ұнатпаймын. Маған өз үйім, өз бөлмем, компьютерімнің алды жайлы".