Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан мәліметке сүйенсек, "Автомобиль жолдары туралы" ҚР заңының талаптарын бұза отырып, Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды адамдары қаланың 20 көшесін ағымдағы және орташа жөндеу үшін орындалған жұмыстар актілеріне қол қойған, олар іс жүзінде Қазақстан Республикасы Ұлттық стандартының белгіленген нормаларына сәйкес келмейді.
Басқа жағдайда бұл лауазымды тұлғалар заң талаптарына қайшы, мердігерлік ұйымдардан асфальтбетон қоспасына сәйкестік сертификатынсыз, облыс орталығының көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын қабылдаған.
Қадағалау органының актісі бойынша жол берілген бұзушылықтарды жою, сондай-ақ лауазымды адамдарды белгіленген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдануды.
"Ғ. Мүсірепов ауданында 2022 жылы прокурорлық тексеріс кезінде автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды. Ауданның ТКШ бөлімінің басшысы "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңының талаптарына қайшы, автомобиль жолдарын жөндеуге 427 млн теңге көлемінде ақы төленген, ол бойынша жұмыстар нақты орындалмаған".Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы
Қадағалау органының материалдары бойынша СҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына, мердігер ұйымның директорына және техникалық қадағалау сарапшысына қатысты бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.
"Осы жылғы 10 қазанда Петропавл қалалық сотының үкімімен аталған адамдар Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-тармағы 2-тармақшасында қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды".Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы
Бюджет қаражатын жұмсау сұрақтары қадағалау органының тұрақты бақылауында.