Ұлытау облысында кей балабақшалардың ақысы негізсіз көтерілген

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұлытау облысының прокуратурасы балабақшаларда тамаққа төленетін ақы негізсіз көтерілгенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратураның 17 қараша күні таратқан мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы Ұлытау облысының әкімдігі тарапынан Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Жаңаарқа ауданындағы балабақшаларда жоғары төлемақы белгіленген. 
"Ата-ана төлемақысының мөлшерін (айына бір балаға тамақтану үшін) белгілеу кезінде әкімдік азық-түліктің бөлшек бағасын негізге алған, алайда азық-түліктің көтерме бағасы орта есеппен алғанда бұдан 10-20% арзан", – делінген прокуратураның мәлімдемесінде.
Ұлытау облыстық прокуратурасы қадағалау актісі бойынша 6,5 мың ата-ананың құқығы қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Нәтижесінде ата-ана төлемақысының мөлшері 1 мың теңгеге төмендетілді (әкімдіктің қаулысына өзгеріс енгізілді).

Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін